05 Тамыз 2020
Абай-175 жыл

«Абай әлемі»

«Абай әлемі»

24 ақпан күні  азақтың бір туары данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арнал «I am reading» жобасы аясында 4 «Б» сыныбы сөз алды. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Білімдіден шыққан сөз», «Жүректе қайрат болмаса», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Адамдықтың белгісі- адалдық» өлеңдерін оқып, 1889 жылы жазылғанғ, 8 тармақ 25 шумақтан тұратын «Сегіз аяқ» әнін шырқады. Мектеп директоры  Ергалиева Үміт Ильясқызы сөз алып, Жоғары инженерлік – технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша аудандық, қалалық мектеп оқущылары арасында өткізілген пәндік олимпиадасының III орын иегері Аманжанова Дильназ, физика және математика пәні бойынша пәндік олимпиадасының III орын иегері Сисенов Айбар, химия пәні бойынша пәндік олимпиадасының III орын иегері Сағындық Ислам, II орын иегері Үмбетова Дильназ марапатталды. Сондай – ақ Муратова Амина, Төлепберген Сымбат, Сакашева Назерке, Жексенғалиев Рустам қатысқаны үшін сертификат иеленді. Орыс тілі пәні бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысып жүлделі II орынға ие болғаны үшін Уапов Дамир мен Бозова Зарина марапатталды. 2 – наурыз күні баста алатын «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс» жобасы таныстырылды.