Кіріспе
Менің ресми блогыма қош келдіңіздер!
Бұл блогта мен №33 жалпы орта білім беретін мектебі туралы ақпараттарды, біздің мектебіміздің ұсынатын мүмкіндіктерін, сонымен қатар мектеп өмірі туралы мәліметтермен бөлісіп отырамын. «Мектеп – бала - ата-ана» қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық –педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсетуге тырысамын.
Өмірбаян
Мен Ергалиева Умит Ильясовна 1979 жылы 18 шілде де Ақжайық ауданы И.Осаев ауылында дүниеге келдім. Осы ауылдың атымен аталатын Орай Исаев атындағы орта мектепті бітіріп, Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжге бастауыш сынып мұғалімі факультетіне түсіп, «Үздік дипломмен» бітірдім. Содан кейін Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілі факультетіне түсіп мамандық алдым. Өзімнің бала кезімнен армандаған мамандығыма қол жеткізгеннен кейін ұстаздық жолда 2000 жылдан бастап №43 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде еңбек еттім. Алғашқы жылдарымда бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарсам, 2007 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін істей жүріп көптеген жетістіктерге қол жеткіздім: облыстық «Үздік тәрбие орынбасары» байқауында Бас жүлде иелендім, «Үздік педагог» байқауына қатыстым. Кәсіби біліктілігімді, білімімді шыңдай отырып 2013 жылы Орал қаласындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың әдістемелік жөніндегі орынбасар, оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымындағы қызметтерді атқардым. 2016 жылы Орал қаласындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінде директор болып тағайындалдым. 2017 жылы Орал қаласындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебіне директорлыққа ауыстым. Осы еңбек жолында өзімді әрдайым еліміздің болашақ жас ұрпақтарын тәрбиелеуге жұмыстанып келемін.