№33 ЖОББМ-нің 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психологтің
жылдық жұмысы.
2021-2022 оқу жылында мектебімізде педагог-психологтің жұмыс жоспары құрылып, нөмірленіп, шнурланып, директордың қолымен бекітілген.
Психология-адам жанын зерттейтін ғылым. Бала алғаш мектепке келген кезде ересектермен, басқа балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игереді. Мұғалімдер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты – баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аударып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл-күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады. Педагог және психолог маманы ретінде, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімін басшылыққа ала отыра, психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлес қосу өте маңызды деп есептеймін.
Психологиялық қызметтің мақсаты- мектептің оқу-тәрбие процесін психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру, дарынды оқушылардың жалпы және арнайы қабілеттерінің толықтай дамуына жағдай туғызу, оқушылардың өз қабілеттерін, жеке тұлғасын танып біліп одан әрі жетіле түсуіне, ұстаздардың бала қабілетін танып, дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның әлеуметтенуін психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Міндеттері:
-білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
-білім алушылардың, тәрбиеленушілерге ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, психологиялық – педагогикалық зерделеу, шығармашылық әлеуетін дамыту, психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;
-психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
-білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сүйене отырып, қыркүйек айында диагностикалық бағыты бойынша оқушылардың психологиялық – әлеуметтік жеке картасын дайындаудан басталды. Сұраныс бойынша жекелеген оқушылардың әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, АКТ жасақталды. Мектеп қабырғасына қабылданған 1 класс оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың бейімделуі қалыпты болды. Әлеуметтік бағыт бойынша қалалық ПМПК шешімімен инклюзивті оқыту «Ерекше» оқушылар есепке алынып, жеке карталары жасақталып түзету және дамыту жұмыстары жасалынды.
Жоспарым бойынша психологиялық қызмет жүйелі түрде ұйымдастырылған болатын. Сабақтарға еніп, сынып жетекшілермен сөйлесіп, әдістемелер жүргізілді. Мектепке дейінгі кезеңнен бастауышқа, бастауыштан орта буынға, орта буыннан жоғары буынға өту кезеңі бақыланды. Мектеп ұжымына жаңадан келген ұстаздармен оқушыларға бейімділікке байланысты көмек көрсетіліп әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Мектепке дайындық диагностикасы бойынша 1 сынып оқушыларына мектепке, оқуға дайындық деңгейін анықтау мақсатында «Керна-Йирасека» диагностикасы жүргізілді. 0-1 сыныптар аралығында танымдық процестері диагностика арқылы зерттелінді. Зерттеу нәтижесі бойынша оқушылардың танымдық үрдісі қалыпты деңгейде қалыптасқан. ПМПК да есепте тұрған оқушылармен бастапқы зерттеу жұмыстары жүргізілді. 8-11 сыныптарға суицидке бейімділігін анықтау мақсатында СБА сауалнамасы жүргізілді. Жүргізілген сауланама қорытындысы бойынша оқушылардың бойында суицидке бейімділік деңгейі анықталмады. 4-11 сынып аралығында оқушылардың қобалжу деңгейін анықтау мақсатында Тест «Қобалжу» бойынша, «Кондаш», «Филипс» тесттері жүргізілді. Өткізілген диагностика бойынша оқушылардың бойында қобалжу деңгейі бір қалыпты, анықталған оқушылармен әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, қобалжу себебі анықталды. Өмірдегі көзқарасты анықтау, қолдау негізінде «R»тобындағы оқушылармен «Менің өмірлік жолым» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді. 5-8 сыныптар аралығында «Сенімділік күш береді», «Менің ішкі әлемім», «Достық және махаббат» тақырыптарында аталған сыныптарда тренинг өткізілді. Тренингтер оқушылардың бейімделуіне қолдау көрсету, өзінің ерекшілігін білу, жыныстық тәрбие бойынша шынайы достық пен махаббатты ажырата білу мақсатында өткізілді. Өткізілген тренингке оқушылар белсене қатысып өз ойын ашық айта білді. 9-11 сынып оқушыларына депрессиялық көңіл-күй жағдайын анықтау мақсатында Зунге, Т.И. Балашова бойынша диагностикалық жұмыс жүргізілді. Жүргізілген диагностика бойынша оқушылардың депрессиялық көңіл-күй орташа есеппен алғанда қалыпты деңгейде. Оқуға, мектепке деген қызығушылық деңгейін анықтау бойынша «Бағдаршам», Лусканова Н.Г «Мектеп мотивациясын бағалау» әдістемелері жүргізілді. 9-11 сынып оқушыларына стресстен арылуға көмек көрсету, жолдарын анықтау мақсатында «Біз стресске бой бермейміз» атты тренинг сабағы жүргізілді.1-11 сыныптар аралығында оқушылардың бойындағы агрессивтілік деңгейін анықтау мақсатында, оқушыларға сауалнама, диагностика, әдістемелер жүргізілді. Оқушылардың бойында анықталған агрессия белгілері бойынша жеке әңгімелесу, тренингтер жүргізілді. Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында «Баспалдақ» Т.Б.Марциновская, «Өзіңді бағалауын қалай?» И.Ю.Кеселева атты әдістемелер жүргізілді. Өткізілген әдістеме бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде. Ойлау типінің ерекшелігін анықтау негізінде Г.В.Резапкиннің Ойлау типі әдістемесі жүргізілді. Оқушылардың қызығушылығы бойынша мамандық таңдау бағыттарын анықтау бойынша кәсіби бағыттылығын диагностикалау «Қызығушылық картасы» А.Е.Голомштока в модификации Г.В.Резапкиной (50сұрақ 10 сфера) әдістемесі жүргізіліп оқушылардың мамандыққа деген бейімділігі анықталды. Емтиханға дайындық кезіндегі оқушыларды педагогикалық психологиялық қолдау мақсатында «Сәттілік серік болсын», «Жағымды көңіл-күй», «Сеніміділік күш береді» 9-11 сынып оқушыларына тренигттер өткізілді. Трениг барысында түлектерге «Емтиханға қалай дайындалу қажет?» жадынамасы беріліп, оқушылармен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды: Қорыта келе, жүргізілген психолог жұмысы жоспарға сай жүзеге асып келді. Жүргізілген жұмыстар уақытында қорытындыланып, таныстырылып отырылды. Өткізілген психологиялық шаралар мектеп проблемасымен ұштастырылып отырды.
https://sh33-uralsk.edu.kz/mektep-tyrali-333/me-tep-psikh-l-gyny-zh-mysy.html#sigFreeId18fe104ce4