№33ЖОББМ-нің 2021-2022оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың жылдық жұмысы.
2021-2022оқу жылында мектебімізде әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары құрылып, номерленіп, шнурланып, директордың қолымен бекіткен болатын.
Жоспарым бойынша «Мектепке жол» акциясы жүргізілген болатын. Мектепке жол акциясы бойынша жоспар құрылып, директордың бұйрығы шығып, сол бұйрық бойынша жұмыстар атқарылған болатын. Көрсетілген көмек бойынша жек кәсіпкерлерге қатынас қағаз жазылып, атқарылған жұмыстарды фотоға түсіріп, қалалық білім беру бөліміне есебі беріліп отырды. Мектепке жол акция шеңберінде Жалпыға бірдей білім беру қорынан АСП алатын, көп балалы және жетім балалары бар отбасы балаларына кеңсе тауарлары мен киім-кешек берілген болатын. Жалпы биыл 53 бала қамтылып, оларға 577020 теңге бөлініп, 248000 теңгеге киім кешек, қалған 329020 тг кеңсе тауарлары алынды. Сонымен қатар «Атамекен» жазғы тынығу лагеріне 10 аз қамтылған, көп балалы отбасының балаларына 40мың теңгеден жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан қаражат бөлінді. Ал 3 озат оқушыларға 50 пайыздық жеңілдікпен жолдама беріліп, жалпы 13оқушыны тегін ПЦР тесттен тегін өткізген болатын.
Биылғы 2021-2022оқу жылында 949 қаулы бойынша ыстық тамақ ішу үшін құжаттарын көп балалы аз қамтылған отбасылар егов парталы арқылы тапсырып, ол НОБД да қандай санатқа жататыны автоматты түрде шығып тұрады. Егер отбасының табыс көзі күнкөріс деңгейіне жетпесе, тегін тамақтануға сакура бағдарламасы арқылы құжаттарын тапсырамыз. Ал АӘК - алатын отбасылардың балаларын АӘК-алатын анықтамасы болса тегін ыстық тамақпен қамтимыз.
Биылғы 2021-2022оқу жылында 1-4сыныптарда 234 оқушының 2уі мүгедек болғандықтан үй жағдайында оқиды. Қалған 232оқушының 18 оқушысы АӘК алатын отбасының балалары. Ал жоғарғы сыныптардан 15оқушы АӘК алатын обасының балалары, 1еуі жетім оқушы. Яғни 33оқушының сакура бағдарламасымен тегін ыстық тамақ ішуе құжаттары қабылданды.
«Мектепке жол» акциясы аясында «Жұлдыз» фонды мектебіміздің жалғызбасты ана Ишангалиевтар отбасының мектеп жасында оқитын 2 баласына 50 мың теңгеге киім –кешек алып беруге көмектесті. Сонымен қатар осы фонд көп балалы Нәсіпқалиевтар отбасына да 50мың теңгеге киім кешек алып берді. Жеке кәсіпкер Жанат Мырзашева 17мың теңге беріп ол қаражатқа мұқтаж отбасыларға көмектестік. Сонымен қатар жанашыр жандар мектебімізде оқитын жетім бала мен жалғызбасты аналарға ақшалай 100мың теңге беріп, жаңа оқу жылында осы оқушыларды киіндірдік. ЖК Кубиева мектебіміздің оқушыларына аяқ киім беріп көмектесті. Жаңа жыл мейрамында «Сделай детям добро» әлеуметтік қоры директоры Джумагалиев Руслан Ермекович мектебіміздің көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына 45дана тәттілер мен «жұмсақ ойыншықтар» және 8наурыз аналар мейрамына байланысты көп балалы аналарға жұмсақ ойншықтар-10 оның жалпы құны -65000теңге, плед-30 дана құны-6500теңге, жалпы құны-195000теңге, көрпе -30 құны-5500теңге, жалпы құны- 165000теңге көпшік-30дана құны 3500теңгеден -105000теңгеге және 13 дана балалар аяқ киімі 25-35өлшем аралығында құны 6500теңгеден барлық соммасы 84500теңгеге сыйлықтар тарту етті. Жаңа жыл мейрамына «Орал қайырымдылық мекемесі» директоры Бекболат Болат Халметұлы 11аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына 1данасы 5000теңгеге бағаланатын 55000теңгенің рюкзак толы тәттілерін беріп қуантты. «Жұлдыз» қайырымдылық қоры да үйден оқитын 1сынып оқушысы Александрова Ясмина мен 3б сынып оқушысы Нагматуллина Айнельге Ақшақар мен Аяз ата ұйымдастырып жаңа жылдық сыйлықтарын үйлеріне апарып берді.
Ораза айт мейрамы қарсаңында көп балалы аз қамтылған 50 отбасы балаларын жазғы және көктемгі киім –кешек және аяқ кимдер алып беріп көмектесті. Алған аяқ киімдерінің соммасы 255525 теңгеге шыққан. Және де 6 отбасы, 17оқушыға 81600теңгеге азық-түлік пен тәттілер үйлестірді.
2021-2022 ж.ж. мектебімізде 487оқушы бар. Қорғаншылықтағы отбасы саны-1, ондағы бала саны-1. Мектебіміздегі 487 оқушы болса, ол 360 отбасы Толық отбасы -221 оның ішінде тәрбиеленіп отырған балалар саны-330, Толық емес отбасы саны-109 оның ішіндегі балалары-157оқушы. Тек әкесімен тұратын оқушылар саны-5еу, Өгей әкемен тұратын оқушылар саны-24оқушы. Көп балалы отбасы саны 53 оның ішінде балалар саны- 92оқушы. АСП алатын отбасылар саны-17 оның ішіндегі балалар саны-32оқушы. Өз үйінде тұратын оқушылар саны -382оқушы. Пәтерде тұратын оқушылар-105оқушы. Үйден оқитын оқушылар саны-3, мүгедек оқушылар-3оқушы, ПМПК да тіркеуде тұрған -8оқушы.
1маусым «Балаларды қорғау күніне» «Сделай детям добро» қайырымдылық қоры 34 дана «Жұмсақ ойыншықтар» берді. Біз ол ойыншықтарды өнер көрсеткен оқушылар мен үйден оқитын балаларға табыс етеміз.
Жазғы «Атамекен» сауықтыру лагеріне 10көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары барғалы отыр. 1жетім оқушымыз Нұрсұлтан қаласына демалуға барса, 2 көп балалы аз қамтылған оқушымыз Бурабайға демалуға барады.
Сабаққа келмей қалған және тәртібі нашар балалармен жек және үй жағдайына барып, отбасының тұрмыс тіршілігімен танысып, сынып жетекші, психолог, әлеуметтік педагог өзара тығыз байланыстамыз.
Жүйелі жұмыс жасағанда ғана оқушыларға берілген тәрбие мен білім нәтижелі болмақ.
Әлеуметтік педагог: Д.Абуханова
https://sh33-uralsk.edu.kz/mektepti-leumettik-pedagogyny-b-ryshy.html#sigFreeIdd7f77a6393